OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС podcast

Жеке емхана ашқым келеді. Нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев ми жұмысы, өмірлік философиясы мен арманы туралы

0:00
1:24:23
15 Sekunden vorwärts
15 Sekunden vorwärts

Бүгін біз Қазақстандағы жетекші нейрохирургтердің бірі, 8000-нан астам ота жасаған Мыңжылқы Бердіқожаевпен сөйлестік. Оның күнделікті өмірі, отаға дайындалу жолдары, адамның миы мен жан дүниесіне деген көзқарасы туралы әңгіме өрбіттік.

Сондай-ақ эпизодта мына сұрақтарды талқыладық;

  • Ми қартая ма, әлде біз оны дұрыс қолданбаймыз ба?
  • Операция жасау хобби бола ала ма?

  • Шынайы денсаулық деген не — спорт па, тыныштық па?

  • Бас сақинасы мен депрессияны ота жасап емдеуге бола ма?

  • Қазір адамзат неге шаршаңқы және неге қуана білмейді?

  • Қазақстандағы медицинаның ішкі жүйелері мен экологияның адам ағзасына әсері


OY-DETOX | Денсаулық» айдарының серіктесі - kz.apteka.com.


Эпизод таймкоды:

00:00 - аңдатпа

01:20 - Мыңжылқы Бердіқожаев қалай шаршамайды?

09:20 - ми қартая ма? 

12:32 - ми икемділігін қалай сақтаймыз? 

14:00 - миды программировать етуге бола ма?

15:55 - дәрігерлер тек кеңес бере ме не сол кеңестерді өздері де ұстана ма? 

18:58 - кроссфит пайдалы ма?

24:24 - уақыт өте адам денсаулығында қандай өзгерістер болады?

26:20 - миды қалай басқарамыз?

31:50 - медицина мен денсаулық сақтау жүйесінің айырмашылығы қандай?

37:52 - жарнама

38:59 - адамдар қандай мәселені жиі айтып келеді?

40:30 - диагноздардағы гендерлік айырмашылық 

41:55 - тамақ құрамындағы тұз мөлшері неге маңызды?

48:08 - корей косметикасы туралы

53:45 - бас сақинасының емі бар ма? 

01:03:48 - Париждегі екі ота немесе бұл оталарды неге Луврда көрсетті?

01:08:37 - Мыңжылқы мырза сөйлеу өнері мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ойын еркін жеткізу қабілетін қалай дамытты?

01:12:38 - 8000 ота жасап, адамдарды өлімнен талай құтқарған Мыңжылқы мырзаның өмір сүру философиясы қандай? 

01:18:34 - Мыңжылқы мырзаның арманы қандай?

01:22:00 - Байқау!

«OY-DETOX | Денсаулық» айдары kz.apteka.com қолдауымен жасалды. kz.apteka.com интернет-дәріханасы дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды, ауруларды емдеуге арналған құрылғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін таңдап, сатып алуға мүмкіндік береді. Толық ақпаратты сайттан таба аласыздар - https://kz.apteka.com

Ал «OYDETOX» промокоды арқылы алғашқы тапсырысқа 5% жеңілдік ала аласыздар. Тапсырысты Қазақстан бойынша жасауға болады.

Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/

OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/

kz.apteka.com инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aptekacom/


Арнаға жазылып, жаңа эпизодтарды өткізіп алмаңыз!

Weitere Episoden von „OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС“