OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС podcast

Шолпан Әйтенова: Ауылды дамыту үшін ауыл әкімдеріне бюджет беру керек

0:00
1:03:09
15 Sekunden vorwärts
15 Sekunden vorwärts

Арнаға жазылыңыз - https://www.youtube.com/@oydetox __________________________________________________________

Ауыл әкімдерін сайлай бастадық, бірақ не өзгерді? Қолында мөрі бар әкімнің қолында шешім қабылдайтын нақты құзыреті мен бюджеті бар ма?⠀

Бұл эпизодта мемлекеттік қаржы саласының сарапшысы, Zertteu ұйымының басшысы Шолпан Әйтеновамен бірге ауыл әкімдерінің шынайы мүмкіндіктері мен шектеулері туралы ашық сөйлестік. Сондай-ақ, жергілікті бюджет пен өзін-өзі басқару реформасының не екенін түсініп алуға тырыстық.


Эпизод таймкоды:

00:00 - аңдатпа

01:07 - жергілікті бюджет деген не?

02:50 - жаңа салық кодексі мен НДС-тің 16% болуы ел жағдайына қалай әсер етеді?

04:26 - Қазақстан бюджеті қалай қалыптасады?

05:50 - Қазақстандағы ең бай және ең кедей өңірлер

08:40 - неге бюджетті барлық өңірге бірдей бөле салмайды?

16:42 - жергілікті өзін-өзі басқару деген не және ауыл әкімдерін сайлау неге әзірге тиімсіз?

20:45 - жергілікті өзін-өзі басқару мықты дамыған елдер

22:22 - адамдар қайда тұрады? Облыс бюджетін қала мен ауылға не үшін беру керек?

28:10 - ауыл әкімдерін сайлау әділ өте ме?

37:08 - тиімді жұмыс істейтін өңір басшылары бар ма немесе халықтың неге әкімдерге көңілі толмайды?

40:22 - халықтың белсенділігі өңір дамуына әсер ете ала ма?

43:37 - «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару» бағдарламаларының пайдасы бар ма?

50:37 - шешім қабылдауға халықтың әсер ету жолдары бар ма?

57:18 - мусор, «Таза Қазақстан», салық мөлшері мен өз еліңе тұтынушылық көзқарас туралы

01:01:24 - мемлекеттік құрылымдармен диалог қандай деңгейде?

Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/

OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/

Zertteu Қорының инстаграмы - https://www.instagram.com/zertteu_kz/

Weitere Episoden von „OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС“