OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

OY-DETOX - қазақша подкаст

Ainel Amirkhan

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған [email protected] электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

29 Episoden

  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №9 Мақпал Жұмабай өнер адамы, шығармашылық ізденіс, тыңдармандары мен отбасының қолдауы туралы

    1:12:47

    OY-DETOX-та көптен күткен қонақ - Мақпал Жұмабай, ақын, әнші, журналист, медиа әрі өнер менеджері. Біз Мақпалмен оның кезекті жобасы - Jauhar Live жобасының тұсаукесерінен кейін кездесіп, соңғы он жыл таныстығымыз уақытында Мақпалдың жүріп өткен жолын еске түсіріп, бірқатар жырларын еске алдық.  Біз Мақпалдың жобалары (''Мақпал шер", Ozge Epic кеңістігі, Жаңғырық, AYA), бүгінгі таңда өнер адамының ахуалы, аудиториямен қатар өсудің маңыздылығы, шығармашылық ізденіс, күмән мен сенім және отбасының қолдауы туралы сөйлестік. Эпизодта "Бір анық", "Тасбұлақ", "Ана" жырлары айтылады. Оларды OY-DETOX-тің Телеграм арнасында таба аласыздар.   Тайм-кодтар: 00:00 - эпизодқа кіріспе, танысу, "Бір анық" жыры 03:12 - Мақпал шер, кофеханалардағы камерлық кездесулер, аудиторияның қалыптасуы туралы 08:11 - жаңа форматтар, топтың қалыптасуы, Live-концерттер мен жаңа коллаборациялар туралы 12:04 - адамның қалыптасуында отбасының рөлі, ананың сенімі мен қолдауының маңыздылығы туралы 23:10 - жастарға қолдау көрсету туралы 25:32 "Тасбұлақ" жыры 27:55 - өнердегі және мамандықтағы әмбебаптылық туралы 33:40 - Алматы-Лондон, рухани тоқырау, ізденіс пен жаңа көкжиектерді бағындырудың маңыздылығы туралы 38:18 - әлемдегі Димаш феномені туралы 47:38 - краудфандинг туралы  49:58 - отбасы мен бауырларының қолдауы туралы 58:45 - өнер адамының портреті туралы  1:07 - қорытынды сөз 1:08 - "Ана" жыры  OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаңызда бағалап, эпизод туралы пікір қалдырып кетулеріңізді сұраймын. Бұл - менің подкастымның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Қолдауларыңызға рахмет! 
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №8 Айгерім & Мөлдір адам құқығы, феминизм, зорлық-зомбылық және әйелдер маршы туралы

    59:20

    10 желтоқсан - халықаралық Адам құқығы күні. Осы күнге орай, адам құқығы, феминизм және әйелдер маршы туралы Girls Talk ұйымдастыру көптен жүрген ойым болатын. Сол ойымды жүзеге асыруға Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Утегенова көмектесті. Біз патриархалды қоғам құндылықтары, «бір түрлі» қыздар лейблы, қазақ әндері мен мақал-мәтелдеріндегі гендерлік саясат, зорлық-зомбылық түрлері, әлем ғалымдары консенсусқа келе алмай келе жатқан үш тақырып және өзге де келелі мәселелер туралы сөйлестік. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, әдемі әңгімеміздің куәсі болыңыздар. Сондай-ақ осы тақырыптар аясында өз пікірлеріңізбен де бөлісуді ұмытпаңыздар! Эпизод таймкодтары: 00:00 - эпизодқа кіріспе, қонақтарды таныстыру 01:38 - «бір түрлі» қыздар лейблы, қазақ қыздары мен қазақилық, феминизм мен белсенділік трендтері, негативке иммунитет туралы 04:18 - ортаның, отбасының қалыптасуымызға әсері туралы 09:11 - белсенді активизм, Imposter синдромы (синдром самозванца), статус кво, ішкі күмән мен қорқыныш туралы 13:50 - феминизм дегеніміз не? Неге біз феминизмнен қорқамыз? 22:05 - қазақ әндеріндегі гендерлік саясат туралы 23:05 - ұл мен қыздың білім алу деңгейі, білімге қатысты статистика, армия мен көшбасшылық қызметтер туралы 27:52 - экономикалық зорлық-зомбылық, қаржылық тәуелсіздік, төленбейтін еңбек ақы, эмпатия, борыш пен міндет түсінігі туралы 36:29 - Victim Blaming, тұрмыстық зорлық-зомбылық, дағдарыс орталықтары туралы 38:56 - Европадағы зорлық-зомбылыққа қатысты эсперимент 39:47 - ажырсудан қоғамдағы қорқыныш, ұят туралы 44:04 - әлемде ғалымдар арасында консенсусқа келуге қиын үш тақырып туралы 44:56 - 2020 жылғы 8-наурызда өткен әйелдер маршы туралы 55:36 - Айгерім & Мөлдірдің OY-DETOX тыңдармандарына тілектері Эпизод барысында Лейла Махмұдовп, Молдияр Ергебеков, Жамиля Қасымхан, Фариза Оспан, Арина Осиновскаяның аттары аталады. Shyndyq podcastының Айгерим Құсайынқызымен гендер және феминизм туралы эпизоды https://apple.co/3lLsrCp OY-DETOX-тің Молдияр Ергебековпен болған эпизоды https://apple.co/3oywPXl
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    Verpasse keine Episode von OY-DETOX - қазақша подкаст und abonniere ihn in der kostenlosen GetPodcast App.

    iOS buttonAndroid button
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №7 Айбар Олжаев ипотека, мемлекеттік бағдарламалар, қаржылық сауаттылық және несиден шаршау синдромы туралы

    42:45

    OY-DETOX-тің 7-ші эпизоды ипотека тақырыбына арналады. Бұл эпизодта түрлі бағдарлама бойынша әр жылдары ипотека алған Балжан, Бақыт және Асқар өз тәжірибиелерімен бөліседі. Сондай-ақ, "ипотека дегеніміз не?", оны қашан алған дұрыс және алар кезде неге назар аудару керек деген сұрақтарға жауапты табуға сарапшы Айбар Олжаев көмектеседі. Ол "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ның бас менеджері қызметін атқарады.  Эпизодты онлайн түрлі бағдарламаларда жазғандықтан, дыбыстағы қандай да бір ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймын. OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаларыңызда менің подкастыма жазылып, бағалап кетулеріңізді сұраймын. Бұл оның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, подкаст патрондарының қатарына қосылып, қолдай аласыздар. Толық ақпарат мына жерде  Эпизод таймкодтары: 02:42 - 7/20/25 бағдарламасы бойынша ипотека алған Балжанның тәжірибиесі 06:11 - Отбасы банкінен ипотеканы биыл алған Бақыттың тәжірибиесі 09:02 - мемлекеттік және “Баспана хит” бағдарламалары арқылы ипотека алған Асқардың тәжірибиесі 14:53 шақырылған сарапшы Айбар Олжаев ипотекаға қатысты әуесқой сұрақтарға кәсіби жауап береді. Ипотека аларда неге баса назар аудару керектігі туралы 17:08 - ипотека портфелі мен ипотека алатындардың жалпы портреті туралы 19:31 - баспанаға қатысты әлемдік және жергілікті тенденция туралы 21:22 - базалық ставка, ақшаның құны, инфлянция және несие, ипотека мен депозиттің пайыздық көрсеткіштері туралы 25:25 - пайыздық көрсеткішті қалай есептейміз? 30:47 - қаржылық сауатсыздық, пирамидалар мен фактчекинг туралы 33:40 - “Баспана хит”, “7/20/25 және өзге мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар туралы 38:18 - ипотеканы төлей алмайтын жағдайда не істеу керектігі туралы 41:09 - несиеден шаршау синдромы туралы Эпизод қонақтары мен тыңдармандарына шексіз алғысымды білдіремін!
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №6 Тимур Бектұр мамандық таңдау, Gap Year, digital надандық және ақпараттық қауіпсіздік туралы

    38:21

    OY-DETOX-тің алтыншы эпизодының қонағы IT-маман, IT-ағартушы Тимур Бектұр.  Біз Тимурмен мамандық таңдау, Gap Year артықшылығы, еңбек нарығын саралаумен қатар, digital надандық және ақпараттық қауіпсіздік туралы сөйлестік. Эпизод барысында Тимур болашақ сұранысқа ие болатын мамандықтарды таңдау жолдары мен цифрлық активіңді саралап, қажет өзгерістерді енгізу қадамдарымен бөлісті.  Эпизодта  https://atlas.bts-education.kz/ https://edunavigator.kz/ https://enbek.kz/atlas/ сайттары аталады. 
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №5 Бақытгүл, Бэлла, Талшын депрессия, психологиялық көмек пен сенім туралы

    38:13

    Араға 8 ай салып, Бақытгүл, Бэлла, Талшын төртеуіміз OY-DETOX-та қайта бас қостық. Бұл жолы әлеуметтік желінің өміріміздегі орны, депрессия мен менталдық денсаулық, психологиялық көмекке жүгінудің қажеттілігі, әлеуметтік желідегі этикет пен буллинг, сенім мен бақыт туралы сөйлестік. Әріптестерімді дауыстарынан танисыздар деген сенімдемін.  Біздің 2020 жылдың инсайттарына арналған эпизодымызды Apple podcasts-та мына сілтеме https://apple.co/2WVg11m, Google Podcasts-та мына https://bit.ly/3ySQaEH сілтеме арқылы тыңдай аласыздар.  Кибербуллингке қатысты кеңестерді uyatemes.kz сайтынан табуға болады, барлық ақпарат мына сілтеме арқылы бар - https://uyatemes.kz/k/kiberbulling Міндетті түрде әріптестерімнің подкастын тыңдауға кеңес беремін, достар! Оларды келесі сілтемелер арқылы таба аласыздар; Бақытгүл Салықова:  «Ата ана сағаты» подкасты - https://apple.co/3hstnby  «1001 кітап» подкасты - https://apple.co/3rFZjOj  Бэлла Орынбет: Qazaqsha Podcasts - https://apple.co/38LySyg  Иістелік - https://apple.co/3ht7OaJ  Талшын Тоқыжанова: Тамаша жыл - https://apple.co/2L8YoW8 Кері байланысыңызбен подкастты тыңдаған қосымшаларыңызда бөлісулеріңізді сұраймын. 
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №4 Ерік Ильясов саяхат, ішкі туризм мен мотивация туралы

    40:59

    Жаздың бел ортасында OY-Detox-тің кезекті эпизодын саяхат пен ішкі туризм тақырыптарына арнап отырмын. Бұл тақырыпты кеңінен ашуға маған менің жақсы танысым, әуесқой тенисші, әуесқой саяхатшы, PR маманы Ерік Ильясов көмектеседі. Ерік - әуесқой теннис пен саяхатты сәтті ұштастырып жүрген замандастарымыздың бірі, бүгінде ол әлемнің 42 еліне саяхат жасап үлгерді. Еріктің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/yerikilyassoff/?hl=ru Біз Ерікпен спорт пен саяхаттың арақатынасы пандемия кезіндегі саяхат шет тілдерін оқуға деген мотивация ішкі туризмнің қыр-сыры туралы сөйлестік. Жаңа өмір жағдайы баршамызға жаңа талаптар жүктейді. Баршаңызға зор денсаулық тілей отыра, барлық сақтық шараларын сақтана отырып, саяхаттауға шақырамын. Жазды өткізіп алмаңыздар!  Әдеттегідей, алтын уақыттарыңызды бөліп, менің подкастымды тыңдағандарыңызға алғыс білдіремін.
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №3 Динара Қойшығұлова тіл үйренуде ми мен ортаның әсері туралы

    46:11

    OY-DETOX-тің үшінші эпизоды тіл мәселесіне арналады. Бұл тақырып аясында ой қозғауға маған лингвист, шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүрген педагог, "Бес минуттық қазақ тілі", "Ал, енді сөйлесейік! Қазақ тілінде күнделікті қолданылатын 130 диалог" оқу құралдарының авторы Динара Қойшығұлова көмектеседі. Біз Динарамен қазақ тілінің таралу қарқыны, тіл үйренудің әдіс-тәсілдері, тілге деген сұраныс пен мотивация қалыптастырудың жолдары туралы сөйлестік. Динараның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/dinara_meiramqyzy/?hl=ru Тайм-кодтар: 01:00 - кіріспе, қонақпен және тақырыппен таныстыру 02:15 -  "Бес минуттық қазақ тілі" оқу құралы, кітаптағы әдіс-тәсілдерді түрік және ағылшын тілін үйренуде қолдану мүмкіндіктері 04:35 - қазақ тілінің даму әрі таралу қарқыны, Фридрих Эберт қорының 2020 жылғы "Ценности казахстанского общества в социологическом измерении" атты зерттеуі (https://gcedclearinghouse.org/sites/default/files/resources/200125rus.pdf )  08:07 - қазақ тілінің шетелдіктерге үйретудің бүгінгі методологиясы туралы 11:55 - американдықтардың тілді меңгеру тәсілдері 14:58 - Динараның студенті Эмили Джойдың тіл игерудегі жеке мысалы 17:00 - Дидро эффектісі туралы 20:00 - шетелдіктерге қазақ тілін оқыту жолының басталуы, "Лингвистика қазақ тілі" факультеті және тәуекелге барудың артықшылығы туралы 28:15 - қазақ тілін оқып жүрген шетелдіктердің тіл үйрену себептері туралы пікірі 34:43 - қазақ тіліне келгендегі қоғамдағы агрессия 39:33 - кез келген тілді үйреніп/үйренгісі келіп жүргендерге Динараның кеңестері, Татьяна Черниговскаяның видеолары мен әдістері
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №2 Гаухар & Раушан шетелдік жігітке тұрмысқа шығу шешімі, менталитет қайшылығы мен жаңа өмір салты туралы

    45:31

    Екінші маусымдағы екінші эпизодты ел арасында үлкен талқы туғызатын тақырыптың бірі - қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығу мәселесіне арнап отырмын. Маған осы тақырып расында да өте қызық, ал қоғам арасында бұл тақырыптың қызу талқылануы, оған деген реакциясы тіпті қызық. Егер гуглдың іздеу жолағында "өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары" не "аралас неке" деп терсеңіз, жиырма мынан астам жарияланым шығады және оладың басым бөлігі қыздарды жазғыру тілінде жазылған. Бір қызығы интернетте жүрген статистикаға қарайтын болсақ, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары мен өзге ұлт өкілдеріне үйленген қазақ жігіттерінің саны пара-пар. Мысалы, 2016 жылы елде 4812 қазақ жігіті басқа этнос өкілдерімен некеге тұрыпты, ал өз кезегінде 4328 қызық қызы өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан екен. Бірақ жігіттерді жазғырып отырған ешкім жоқ. Бірден айтып қояйын, бұл эпизодта аталмыш үрдіске еш сараптама жоқ. Тек өзге ұлт жігіттеріне тұрмысқа шыққан Гаухар мен Раушанның әңгімесі бар. Олар өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу туралы шешімді қалай қабылдады, жаңа елдегі өмірі қалай өрбіп жатыр, менталитет қайшылығы мен өмір салты туралы өз сөздерімен баяндайтын болады. Гаухардың инстаграм-парақшасы https://www.instagram.com/gauharnuk/?hl=ru  Раушанның инстаграм-парақшасы https://www.instagram.com/raukakao/?hl=ru  Жалпы сіздің бұл тақырыпқа деген көзқарасыңыз қандай? Эпизод ұнады ма? Кері байланыстарыңызды әлеуметтік желіде және сіз тыңдаған қосымшада күтемін! Эпизодтағы кей дыбыс ақаулары үшін алдына ала кешірім сұраймын.
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    №1. Шалқар Нұрсейітов саясаттану ғылымы, саяси режим және саясатқа әсер ету жолдары туралы

    55:36

    OY-DETOX-тің екінші маусымының алғашқы эпизоды саясат мәселесіне арналады. Осы тақырыптың қыр-сырын зерделеуге маған саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов көмектеседі. Біз Шалқар екеуіміз еліміздегі саясаттану ғылымының бүгінгі күндегі ахуалы, саяси режим, азаматтық қоғам мен саясатқа әсер ету жолдары туралы әңгімелестік. Бұл саясатқа мүлде қызықпайтын адамдар үшін де пайдалы әңгіме болды деп сенемін, сондықтан міндетті түрде бізді тыңдаңыздар! Естеріңізде болсын, "сіз саясатпен айналыспасаңыз да, саясат сізбен айналысуы мүмкін" ;)  Шалқар Нұрсейітовтың Фэйсбуктағы парақшасы - https://www.facebook.com/shalkar.nurseitov  OY-DETOX-тің телеграмдағы парақшасы - https://t.me/oydetox  Тайм-кодтар: 00:00 - кіріспе, қонақты әрі тақырыпты таныстыру 01:40 - саясаттанушы деген кім және ол қандай мәселелермен айналысады 03:37 - саясаттану vs саясаткер, саясаттану ғылымының еліміздегі бүгінгі жағдайы туралы 06:43 - мамандыққа сұраныс деңгейі, саяси режимнің мамандықтың дамуына әсері туралы 11:15 - Қазақстанда саясаттану ғылымының бастау алу жылдары 12:05 - АҚШ-тағы магистратура, жаңа ұстаным мен көзқарас, мамандыққа адалдық, АҚШ-тағы 2016 ж сайлау туралы 18:57 - саясатқа әсер ету жолдары, сайлау, авторитарлық режим, әлеуметтік желілер, тәуелсіз журналистика мен ҮЕҰ туралы 25:08 - азаматтық қоғам мен оның негізгі қызметі туралы 30:42 - саяси белсенділіктің, митинг пен протест санының артуы (нақты статистика), әлеуметтік жағдай, адам құқықтары, жер дауы мен көпбалалы аналардың белсенділігі туралы 35:21 - адам құқықтары мен әлеуметтік себептерге байланысты протестер, саяси талаптар мен биліктің жауабы туралы 38:27 - көрші елдердегі жағдай, елдегі саяси мәселелерге басым халықтың реакциясы, қорқыныш, қауіпсіздік және жауапкершілік туралы 41:28 - әйелдердің саясаттағы рөлі, феминистік бастамалар, көпбалалы аналар активизмі және жаңа трендтер туралы 46:45 - кетлинг, ҮЕҰ-ға қысым, имидж, президенттің "Еститін мемлекет" концепциясы туралы 48:50 - саясаттанушыдан саясаткерге дейінгі жол, этика, пандиттер, жаңа буын саясаттанушылар туралы Подкаст барысында Бэлла Орынбеттің Qazaqsha Podcast подкастының Шалқармен болған эпизоды, Досым Сатпаев пен Данияр Қосназаровтың есімдері аталады. Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін. 
  • OY-DETOX - қазақша подкаст podcast

    Oy-Detox #2 маусым. Аңдатпа

    1:08

    Шағын үзілістен кейін OY-DETOX оралды! Баршаңызбен #2 маусымда аман-есен қауышып отырғаныма қуаныштымын.  Үш айға жуық демалыста болыппын, бір жағынан демалдым, екінші жағынан подкастың болашағы жайлы ойландым. Сіздерді қайдам, бірақ өз басым сіздерді, түрлі жылы лебіздеріңізді, әлеуметтік желілердегі пікірлеріңізді қатты сағындым. Подкасттың форматын өзгертемін деп біраз бас қатырғаным рас, бірақ жаңа идея ойыма келдмеді, сондықтан формат өзгермейді. Бұл маусымда да мені толғандыратын көптеген тақырыптар аясында әртүрлі замандастарыммен сөйлесетін боламын, бәлкім осы уақытқа дейін сіз көңіл бөлмеген, не ойланып көрмеген тақырыптар болуы мүмкін. Айтпақшы, бір өзгеріс бар. Осы маусымда басқа дизайнермен жұмыс істеймін. Негізгі стилистиканы сақтай отырып, шағын өзгерістер енгіздік. Оны эпизод мұқабаларынан байқайтын боларсыздар.  Сондай-ақ, менің телеграмм-арнама жазылуды ұмытпаңыздар, күтемін! Сілтеме осы https://t.me/oydetox Ал, бастадық! Алақай! Жаңа маусым басталды! 

Hol dir die ganze Welt der Podcasts mit der kostenlosen GetPodcast App.

Abonniere alle deine Lieblingspodcasts, höre Episoden auch offline und erhalte passende Empfehlungen für Podcasts, die dich wirklich interessieren.

iOS buttonAndroid button
© radio.de GmbH 2022radio.net logo