OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС podcast

Университет, көшбасшылық және сенім: Жанар Темірбековамен әңгіме

0:00
37:10
15 Sekunden vorwärts
15 Sekunden vorwärts

Бұл эпизод - Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің журналистика кафедрасындағы жаңа медиа студиясында жазылды. Қонағым - университет ректоры, ғалым Жанар Темірбекова. Әңгіме барысында жаңа студияның ашылуы, студенттердің практикалық тәжірибесінің маңызы, креативті индустрия мен білім беру жүйесінің байланысы туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, университетті басқарудағы сенім мәдениеті, командалық жұмыс қағидаттары, әйел көшбасшылығының қазіргі қоғамдағы орны және жаңа буын ректорлардың рөлін талқыладық.

Эпизод таймкоды:

00:00 - кіріспе

01:50 - Ахмет Ясауи университетінің журналистика кафедрасындағы студенттер саны, креативті индустрия мен жаңа студияның қажеттілігі

03:25 - бөлім, кафедра, факультеттің айырмашылығы неде?

12:56 - жұмысқа деген махабатты қалай жоғалтпауға болады?

15:15 - әйел басшы болған қиын ба?

22:26 - Жанар Темірбекованың рөлдері және өмірлік ұстанымы қандай?

28:51 - бақыт туралы дәрістер мен университет студенттерінің күнделікті өмірі

32:28 - эмпатия, сенім мен микроменеджменттің аражігі қандай?


Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/Жанар Темірбекованың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/temirbekova.zhanar/ Ахмет Ясауи университетінің журналистика кафедрасының инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/yasawi_journalism_official/

Weitere Episoden von „OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС“