OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС podcast

DETOX | Денсаулық: артық салмақпен қалай күресеміз?

0:00
51:24
Rewind 15 seconds
Fast Forward 15 seconds

Артық салмақ пен семіздік тек эстетикалық мәселе емес, бүкіл ағзаға әсер ететін күрделі медициналық проблема.


OY-DETOX / «Денсаулық» айдарындағы бұл эпизодта эндокринолог Құндыз Темірбекқызы семіздіктің артында қандай қауіптер тұрғанын ашық әрі түсінікті тілмен түсіндіреді.

Эпизодта біз келесі сұрақтарға жауап іздейміз:

– Артық салмақ пен семіздік қашан басталады, айырмашылығы неде?

– Неге Азия елдерінде семіздік ертерек қауіп тудырады?

– Ұйқы, стресс және қазіргі өмір салты гормондарға қалай әсер етеді?

– Балалар мен жасөспірімдерде семіздік неге көбейіп жатыр?

– «10 күндік диета» неге қауіпті?

– Семіздік қандай ауруларға әкелуі мүмкін?

– Алдын алу үшін бүгіннен бастап не істеу керек?


Бұл эпизод арықтау туралы емес, денсаулықты ұзақ мерзімде сақтау туралы әңгіме.


Эпизод таймкоды:


00:00 - аңдатпа

01:40 - Қазақстан және әлемдегі семіздік статистикасы. Балалар арасындағы үрдіс

03:12 - Семіздік қалай анықталады: BMI, бел шеңбері, Азия мен Еуропа критерийлері

05:35 - «Бойыңнан салмағыңды алып таста» формуласы — миф пе?

07:00 - Артық салмақ пен семіздік айырмашылығы. Неге «аралық кезең» ең қауіпті?

17:01 – Стресс, ұйқысыздық, мегаполис әсері және гормоналды бұзылыстар.

24:11 – әйелдер мен ерлер семіздігінің айырмашылығы қандай?
25:19 - Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік: мектеп, тамақтану, ұйқы, гаджеттер.

27:15 - Диетадан диетаға отыру неге зиян?

27:59 - ұйқының тереңдігін бақылау қажет пе?

30:07 - жаңа босанған аналар диетаға отырған дұрыс па?

36:21 - Заманауи дәрілік терапия туралы шынайы әңгіме 

41:00 - Алдын алу. Қандай қадамдардан бастаймыз?


More episodes from "OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС"