Kozqaras podcast podcast

Нұржан Еркінұлы: Бөлек шығайық, неге еркектер әйелдің тәуелсіздігінен қорқады?

0:00
1:34:57
15 Sekunden vorwärts
15 Sekunden vorwärts

Kozqaras подкастының кезекті қонағы – сценарист, режиссер, продюсер Нұржан Еркінұлы. Нұржан мырзамен ана мен бала арасындағы сепарация мәселесі, неге еркектер әйелдің ақшалы, тәуелсіз болуынан қорқады, әйелдер үздіксіз дамып, өз құқықтары мен мүмкіндіктерін біліп жатқан уақытта неге жігіттер трендтен қалып жатыр тақырыптары аясында ерекше эпизод жаздық. Бұл – про-феминист, әйел мәселелерін үлкен экранға шығарып көрсете алған Нұржан Еркінұлының көзқарасымен танысатын және қазіргі қоғамдағы еркектердің кем тұстары мен қателіктері айтылған пайдалы эпизод болды. ‼️КОНКУРС! Нұржан мырзаның Эпизод соңында қойған сұрағына комментарийде жауап беріп, ақшалай сыйлық ұтып алыңыз! ⚠️ЕСКЕРТУ: Біз сізбен байланыса алуымыз үшін комментарийде Instagram аккаунтыңызды жазуды ұмытпаңыз. 🔥Сәттілік! Таймкод: 00:00 кіріспе 03:22 Нұржан Еркінұлымен танысу 08:35 «бөлек шығайық» фильмі туралы 18:37 жігіттерге арналған алаң жасап жатырмыз 21:22 негізі фем-оптика бәрінде бар 26:10 Феминизмнің мақсаты - еркектің орнын тартып алу емес! 28:33 неге еркектер әйелдің тәуелсіздігінен қорқады? 30:46 жақсы көремін - өте мағыналы сөз 32:29 әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық - еркектердің әйелді жақсы көре алмауынан 36:56 жігіттер арасындағы бәсекелестік 39:37 «Мамасының баласы» – өзінің күйеуіне көңілі толмаған әйелден туындайтын мәселе 1:00:18 ұл баланың есеуіне ата-аналар дайын емес 1:02:25 жігіттер үлкен өмірге дайын емес 1:04:47 Әйел ақша тапса, еркектен тәуелсіз болады 1:08:54 Жалғыздықтан қорқатын еркектер 1:19:51 ерлі-зайыптылар арасындағы айтылуы керек әңгімелер 1:22:06 жігіттерге арналған білім алатын платформа 1:32:08 КОНКУРС

Weitere Episoden von „Kozqaras podcast“