Kozqaras podcast podcast

Депутат Жұлдыз Сүлейменова: Қыздар, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін саясатқа келіңіздер!

0:00
1:31:32
15 Sekunden vorwärts
15 Sekunden vorwärts

Еліміздегі гендерлік теңсіздік мәселесіне ең қарапайым мысал — саясаттағы әйелдер үлесінің төмендігі. 2023 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде (төменгі палата) әйелдердің үлесі шамамен 27%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш айтарлықтай өскен, бірақ халықаралық стандарттарға сай емес. Kozqaras подкастының кезекті қонағы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның авторы Жұлдыз Сүлейменова. Жұлдыз Сүлейменовамен: тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға қатысты заң жобасы қалай қабылданды, ерте жастағы жүктілік, тастанды бала мәселелерінде еркектерді де қылмыстық жауапкершілікке тарту, саясаттағы әйелдер үлесін көбейтудің маңызы мен оң әсері тақырыптары аясында ерекше эпизод жаздық.

Weitere Episoden von „Kozqaras podcast“